Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық тұрғын өз ауласында есірткі өсіріп келген

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Атырау полицейлері Еркінқала селосы тұрғынының ауласынан өсіп тұрған 1898 түп есірткі шөптерін тапты.

Полиция департаментінің  қызметкерлері «Қара сора» алдын-алу шарасы барысында,  қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген  1898 түп қара сора тауып тәркіледі.

Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа   кептірілген сора табылып, алынды. Сараптама қорытындысымен кепкен сораның салмағы 1 килограмм 25 грамм  болып шықты.

  • — Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық  Кодексінің 300 және 296 баптары,   «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және «Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша  жүргізілуде, деді Департамент бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button