Жаңалықтар
Атыраулық тұрғын көршісінің итін балалардың көзінше айыр тығып өлтірген
Atr.kz/8 қазан, 2020 жыл. Айыпталушының өзі бұған балаларға бірнеше рет шабуыл жасаған жануарды кінәлайды.
Айтуынша, итіне ие болмаған көршісі оның ашуына тиген. Ал, жануар иесі Анатолий Ерачин көршісі қолына айыр ұстап, шарбағына рұқсатсыз кіріп келгенін айтады.
«Бірақ, осындай жауыз адамдар жазасыз қалатыны қынжылтады. Бүгін жазықсыз жануарды оп-оңай өлтіре салған адамның ертең одан да қауіпті әрекетке бармасына кім кепіл?» деп ашынды ол.
Бейнекамера материалдарына сүйенсек, әлгі ит көршінің төрт жасар баласын қауып алмақ түгілі, маңына да жоламаған.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ