Атыраулық тұрғын 53 жыл құжатсыз жүрген
Атырау қаласының 53 жастағы тұрғыны ескі үлгідегі құжатпен жүріп, одан кейін құжат алмаған.
«Ескі құжатпен өмір сүріп келген тұрғын 2021 жылдан бері денсаулығына байланысты «Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығында» ем алуына байланысты құжаттармен бірқатар қиындықтар туындаған. Осы орайда, «Мейірім Қазақстан» үкіметтік емес ұйымының өкілдері және емхана қызметкерлерінің қолдауымен Атырау қаласы Полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жұмыс барысында жедел әрекет етіп, 53 жастағы азаматтың жеке басын анықтай отырып, жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу арқылы жеке куәлігін дайындап, табыстады», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Атыраулық тұрғын полиция қызметкерлерінің іске асырған жұмыстарына ыстық лебізін айтып, өз ризашылығын білдірді.