IMG 20190813 WA0028

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебі түлектерінің 94 пайызы грант иеленді

Білім Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/14 тамыз, 2019 жыл.  Бұл туралы Atr.kz-ге аталған оқу орынның баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша өңірдегі химия-биология бағытындағы зияткерлік мектептің түлектері еліміздегі және шет елдердегі жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік алды.

Биыл төртінші мәрте түлектерді ұшырған білім ордасы жаңа оқу жылында 96 шәкіртті 7 сыныпқа қабылдайды. Ал 2018-2019 оқу жылында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін барлығы 64 түлек 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша сәтті тамамдап шыққан.

«Atr – Ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған