Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық студенттер аңыз адаммен кездесті

UTEBAYEV UNIVERSITY-де «Тұлға және тағылым» жобасы аясында Қазақстанның Еңбек Ері, халық әртісі, көрнекті театр және кино қайраткері, сахна аңызы Асанәлі Әшімовпен кездесу өтті.

24850478 bbae 4685 9ad9 8627fe6da79a

Атырауға сапары барысында жастармен жүздесуге келген Асанәлі Әшімұлы мен жұбайы Бағдат Әшімованы университет ұжымы зор ілтипатпен қарсы алды.

1b0469d2 c7a9 45d3 8f3a 1be0e0c9974c

Жоғары оқу орнының Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова:
— Университетіміздің басты мақсаты – жастарды білімді, мәдениетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген азамат етіп тәрбиелеу. Бүгінгі студенттер – ертеңгі елдің тірегі. Олардың санасына өзіңіздей ардақты тұлғалардың өнегесі, өмірлік ұстанымы ерекше ықпал етеді. Театр мен кино өнеріндегі әр рөлі тарих, әр бейнесі тағылым болған қайраткермен кездесудің жастарға берері мол, — деп атап өтті.

14ac6d19 c8fd 4a2e 82d2 60d4000a0bd7

Кеш шымылдығы университеттің домбырашылар ансамблінің орындауындағы күймен ашылып, ұлттық өнердің әуені залға ерекше рух сыйлады. Арнайы дайындалған бейнематериалдан Асанәлі Әшімұлының театр мен кино өнеріндегі жарқын бейнелері көрсетілді.

Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – «Ашық микрофон» болды. Студенттер аңыз тұлғаға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты.

1ca5f7a7 31e1 4b48 ac7e b1f4294eb2c0

Өнер тарланы өмір жолындағы қызықты сәттерімен, естеліктерімен бөлісті. Ол өнерге адалдық, еңбектің қадірі және ұлт руханиятының тұтастығы туралы тағылымды ой қозғап, жастарды білімге, тәрбиеге, ізгілікке шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button