Қазақстанда таяу үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады

20170520002918 Жаңалықтар

ҚазАқпарат – Таяудағы тәуліктерде республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында нөсерлі жауын, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, ауа термпературасының төмендеуі ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

20170520002918

Қазақстанның қалған аумағының кей өңірлерінде күн күркіреп, өткінші жауын жауады. Екпінді жел соғады. Бұл құбылыс белсенді суық атмосфералық ағынға байланысты болуда. Оңтүстік Батыс Сібір мен Алтайға ағынның ауысуына орай бастапқыда оңтүстік және оңтүстік-шығыста, сосын Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын тоқтап, температура көтеріледі деп күтілуде.

Астана қаласы бойынша ауа райының консультативтік болжамы

30 мамыр: бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта жауын күшейе түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде температура +10+12°С, күндіз +12+14°С.

31 мамыр: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Түнде температура +6+8°С, күндіз +19+21°С.

1 маусым: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде температура +9+11°С, күндіз +19+21°С.

Алматы бойынша ауа райының консультативтік болжамы

30 мамыр: ауыспалы бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Желдің екпіні 10 м/с. Түнде температура +14+16°С, күндіз+22+24°С.

31 мамыр: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура +9+11°С, күндіз +21+23°С.

1 маусым: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел дің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура +9+11°С, күндіз +23+25°С.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз