Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атыраулық спортшылар Азия біріншілігінде топ жарды (+ФОТО)

Atr.kz/31 шілде, 2019 жыл. Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында 18-20 шілде күндері джиу-джитсу спортынан Азия чемпионаты өтті. Құрлық додасында 21 елден келген 500-ге жуық спортшы бақ сынады.

Арасында ел намысын қорғаған Атырау облыстық джиу-джитсу федерациясының директоры және аймақтың аға жаттықтырушысы Айбар Есенғалиев те бар. Ол «файтинг» бөлімінде үздік өнер көрсетіп, нәтижесінде абсолюттік 94 кило салмақта алтын жүлдеге ие болды. Осылайша, Тайланд және Моңғол спортшыларын тізе бүктіріп, шәкірттеріне үлгі болды.

Жарқын жеңіске куә болған қос шәкірті 56 келі салмақта ақтық сынға суырылып шықты. Атап айтқанда, Жеңіс Нұрлыбаев іріктеу кезеңдерінде Тайланд пен Моңғол спортшыларын ұтса, Санжар Айтмұханбетов Моңғол спортшысын ойсырата жеңді. Ақыры, ақтық сында қарсыласқа қасқайып қарсы тұрған Жеңіс 56 кило салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Ал, «Контакт Систем» бөлімінде сынға түскен ардагер спортшы, Әлем чемпионы Тыныс Бисалиев қола жүлдені қанағат тұтты. Жеңімпаздарды жергілікті жұрт зор ықыласпен қарсы алды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

67207174 2472265226327187 7121843499539890176 o
67131301 2472265496327160 2490928796564193280 o
67265726 2472265369660506 651591000304648192 o
67316967 2472265109660532 3187614015719211008 o
67215253 2472265532993823 7683832376719310848 o

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button