Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық шаруагер шекарадағы ауданға 20 тонна көкөністі тегін берді

Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Атыраулық шаруагер шекарадағы ауданға 20 тонна көкөністі тегін берді.

Атырау облысының Махамбет ауданындағы «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Розметов Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданына 20 тонна көкөністі тегін жіберді. Оның 15 тоннасы — картоп, ал 5 тоннасы — пияз. Бұл өнімдер 19 ауылдық округтегі 49 елдімекен тұрғындарына тегін беріледі.

«Құрманғазы – облыс орталығынан шалғайда орналасқан, Ресейдің Астрахан облысымен шекаралас аудан. Осы кезге дейін бұл ауданның тұрғындары күнделікті азық-түлігін көрші елден сатып алатынын білемін. Қазір сол мүмкіндіктің аясы тарылды. Сондықтан, төтенше жағдайға байланысты көршілес ауданға көкөніспен көмектесуге бел байладым. Өйткені, қазіргі кезде қосымша табыс табудан гөрі халықтың азық-түліктен тарықпағаны маңызды ғой» -дейді шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Розметов.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button