Жамбыл облысында қаза тапқан әскерилердің басшысы жұмыстан шығарылды

Жаңалықтар

Жамбыл облысында жеті әскери қызметкердің қазасынан соң екі әскери басшы қызметтерінен босатылды деді Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

pogudx2e8qbmjornt.cdec4054

«Қорғаныс министрі бөлімше командирі мен штаб бастығын қызметтен босатты. Бұл тәртіптік шешім және қылмыстық іске еш қатысы жоқ. Бұл оқиғаға байланысты үкімет комиссиясы тарапынан оқу-жаттығу шараларының ұйымдастырылуы туралы сұрақтар туындағандықтан, қорғаныс министрі осы лауазымды тұлғаларды жұмыстан шығаруға шешім қабылдады», — деді Талғат Мұхтаров сейсенбі күні үкімет отырысынан соң тілшілерге.

Айта кетейік, 17 ақпанда Көксай шатқалындағы әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүруі салдарынан жеті адам қаза тауып, 16 адам қар құрсауынан құтқарылды. 
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз