Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық шәкірттер ерекше құрылғы ойлап тапты

Атыраулық шәкірттер мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға арналған құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

APEC Petrotechnic жоғары колледжінің студенті Дәмеля Жалғас пен Ж.Досмұхамбетов атындағы лицейдің оқушысы Әмина Талғаттың жобасы «KazRobotics» республикалық чемпионатында үшінші орынды иеленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. «JasUp» жобасының қос қатысушысы денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеумен айналысады. Олар өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту құрылғысының концепциясын ойлап тауып, «KazRobotics» республикалық чемпионатында үшінші орынды қанжылады.

– Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуді жөн көріп, идея іздеп медицина мамандарына жүгіндік. Қазақстанда тірек-қозғалыс аппаратына тәуелді жандарды оңалтуға арналған орталықтарда құрал-жабдықтардың жетіспейтінін білдік. Бұл жобаны жүзеге асыруға екі ай қажет болды. Біз өндірісте қолжетімді әрі қымбат емес келетін пластмасса, бекіткіш, топса және жеңіл металл түтіктерін қолдандық, — деді Дамеля Жалғас.

Болашақта қос құрбы «JasUp» жобасы аясында өздерінің өнертабыстарына қызығушылық танытып отырған Атырау облысындағы оңалту орталықтарымен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр. «Теңізшевройл» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба жастардың техникалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

– 2024 жылы «JasUp» жобасы 3 мыңнан астам қатысушыны қамтыды. Роботехника, бағдарламалау, жасанды интеллект, 3D модельдеу және модель жасау бойынша тегін сабақтар ұйымдастырылды. Жобаға қатысушылар 13 пен 25 жас аралығындағы жастар болды», — деді «JasUp» жобасының жетекшісі Асқар Алдан.

Айта кетейік, жобаға облыстың ұстаздары да атсалысып, біліктілігін арттырып, жастарды техникалық дағдыға баулуда. JasUp жобасы аясында өткен жылы 44 шеберлік сыныбы мен 8 байқау ұйымдастырылды.

Сәуле МАҒАУ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button