ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Жаңалықтар

 

Семинар Жамбыл орта мектебінің психологы Қ.Шаңбаеваның «Біз ерекше ұстазбыз» атты танысу тренингінен басталып, мұғалімдер мен оқушылар шығармашылығынан құралған және қатысушылардың көңілінен шыққан көрмеге ұласты. Жамбыл орта мектебінің мұғалімдері – Ж.Фазылова, Б.Қалимова, Г.Көшмұханова, Н.Ғұмаров, Б.Нұрғалиева, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің мұғалімі С.Рысқалиева, Амангелді орта мектебінің мұғалімі Б.Есқалиева және №32 орта мектептің мұғалімі С.Ембергенова өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер сабақ барысында оқытудың жеті модулін ықпалдастыра қолданып, сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білді.

Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің мұғалімі З.Сапанаева «Оқыту мен оқуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы ашық сабақ өткізіп, мұғалімдер сыни ойлау әдісінің тиімділігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Осы орайда өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында Жамбыл орта мектебінің мұғалімдері «Оқыту үрдісінде оқушылардың оқу қызметін өзін-өзі бағалауын қалыптастыру әдістері» тақырыбында мұғалімдермен шеберлік сағатын өткізіп, өзін-өзі бағалаудың бірнеше түрін тыңдаушыларға ұсынды.

Семинар соңында І деңгейлі бағдарламаны аяқтаған Жамбыл орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ж.Фазылова семинарға қатысушылармен «дөңгелек үстел» өткізді.

Қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлжан Бақытжанқызы мен оған қатысушы мұғалімдер семинар жұмысына оң баға берсе, Жамбыл орта мектебінің директоры, «Парасат» желілік қоғамдастығының модераторы Әділжан Қадым семинар жұмысын қорытындылады.

Бақтыгүл Қалимова, Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Атырау қаласы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған