Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атыраулық құтқарушылар ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА таратты

Мұзға шықпа, өміріңе қауіп төндірме! Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті осындай ескерту жариялады.

Аталған департаменттің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, аймақтағы су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар күн сайын таңнан кешке дейін мұз үстін бақылап жүреді.

– Былтыр қазан айынан бастап 201 рейд ұйымдастырылып, 1023 жадынама таратылды. Облыс мектептерінде қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша мыңнан астам оқушы үшін 42 сабақ өткізілді. Атырау қаласындағы Жайық өзеніндегі мұз қалыңдығы – орташа 10-13 см, Құлсары қаласындағы Қамыскөл мен Құрсай өзенінде – 15 см болса, Құрманғазы ауданындағы Шора және Қиғаш өзендерінде мұз әлі қатқан жоқ.

Рейд барысында балық аулап отырған және мұз үстінде демалып жүрген тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Тәжірибе көрсеткендей, негізгі тәуекел тобына оқушылар мен балықшылар жатады. Құтқарушылар ата-аналарға балаларымен жұқа мұз үстіне шықпауға, мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескеріп, баланы қараусыз қалдырмауға кеңес береді, — дейді мамандар.

Сондай-ақ, құтқарушылардың міндеті — қыс мезгілінде балық аулаушыларға мұз үстіндегі қауіп жөнінде ақпарат жеткізу.

– Өзіңізбен бірге құтқару құралдарының болғаны жөн. Бір ұшына ауыр салмақты зат байланған 20-25 метрлік сапалы арқан ала шығыңыз. Жаныңыздағы серігіңіз мұзға түсіп кеткен жағдайда, арқанның ауыр зат байланған жағын соған қарай лақтырыңыз, — дейді мамандар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button