Жаңалықтар
Атыраулық құсбегі Арман Қошқаров халықаралық додада қола медаль иеленді
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында құсбегілік өнері бойынша сынға түскен атыраулық спортшы Арман Қошқаров дүбірлі додаға баптап жүрген екі бірдей бүркітін әкелген.
«Финалда сәтті өнер көрсеттік. Қазақстандық құсбегілердің қай-қайсы да жақсы нәтиже көрсетті. Финалға Нарын есімді құсыммен шықтым. Екінші құсым іріктеу турнирінен өтті, дегенмен, Нарынның жылдамдығы жоғары болды», — дейді құсбегі Арман Қошқаров.
Еске сала кетсек, құсбегілік өнер бойынша финалға 10 құс шықты. Қатысушылар арасында Қазақстан, Испания, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттер бар.