«Ай көрінбеді» деп, Ораза айттың бірінші күнінде ауыз бекіту қате»

Батыржан Мансұров, Орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы:

 «Ай көрінбеді» деп, қазақстандық жамағаттардың арасында Ораза айттың алғашқы күні ауыз бекітіп жатқандар бар. Исламда, Ораза айт күні барша мұсылман ауыз ашып, ізгілік мейрамын қарсы алуға міндеттеледі. Осыған байланысты, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтан пікір алған едік.

 aitkorinbeidy«Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) «көпшілік қайда болса, сендер де сонымен бірге болыңдар» деген хадисі бар. Және ай әлемнің 20 мемлекетінде көрінді. Сондай-ақ, Әбу Ханифа мәзһабында «қандайма бір елде ай көрініп, оған кемінде екі адам куәгерлік етсе, оның үкімі жарамды» деген сөз бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да бүгінгі күнді Қазақстан бойынша Ораза айт деп белгіледі. Сондықтан, бүкіл мұсылман қауымы осы үкімге бағынуы тиіс. Ораза айт мәселесін қоғамдық тартыс тақырыбына шығаруға болмайды» дейді облыстың бас имамы Батыржан Мансұров.

  Сондай-ақ, бас имам Қазақстанда Әбу Ханифа мәзһабын ұстану елдегі ынтымақ, бірлікті сақтау үшін керек екенін айтты. «Біз фанатизмді емес, елдегі бірлікті насихаттаймыз. Мәселен, имам Шафиғи мәзһабын Индонезияда, Малайзия имам Ханбали мәзһабын Меккеде, имам Мәлик мазһабын Мәдинада ұстанады. Ал, Әбу Ханифа мәзһабы Орта Азия, соның ішінде Қазақстанға тән. Егер, елімізге барлық мәзһабты ендіретін болсақ, онда бір емес, төрт мүфтият жұмыс істеу керек болады. Сондықтан, біз қазақ халқының болмысына тән Әбу Ханифа мәзһабын ұстану арқылы бірлікте болуымыз керек» дейді облыстың бас имамы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз