Жайсыз отбасылар үшін арнайы жоба жүзеге асады

rm0tjqwr Жаңалықтар

Қазақстанда жайсыз отбасылардан шыққан балаларды қолдауға бағытталған «Әлеуметтік патронат» жобасы іске қосылады. Бұл туралы ҚР  Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау бойынша комитет төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан Атырауда өткен Білім беру саласындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру тақырыбындағы тамыз кеңесінде айтты.

«Өкінішке қарай, ата-аналардың едәуір бөлігі, ең алдымен, өмір сүру, қаржы табу мәселесімен шұғылданып, балаларымен қарым-қатынас жасауға жеткілікті уақыт бөлмейді. Мамандар отбасылардағы қолайсыз психологиялық климатқа, қарым-қатынастың тұрақсыздығына, отбасылық мақсаттардың бағдарсыздығына алаңдаушылық танытуда. Осының әсерінен тұрмысы қолайсыз отбасылар пайда болады. Бүгінде Ішкі істер органдарының есебінде 6 мыңға жуық осындай жанұя тұр. Сол себепті биыл  тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қызметтермен жан-жақты сүйемелдеу үшін «Әлеуметтік патронат» жобасы  енгізіледі», – деді  ҚР  Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау бойынша комитет төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас.

Сонымен қатар ол жаңа оқу жылынан бастап әрбір жалпы орта білім беру ұйымының базасында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс бастайтынын айтты. Орталықтың қызметі – ата-аналарға балалармен қарым-қатынастың озық үлгілерін үйрету арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық саламаттығын қамтамасыз ету болмақ.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз