Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық полицейлер судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 214 хаттама толтырған

Атыраулық полицейлер судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 214 хаттама толтырған.

Полицейлер су айдынында қараусыз суға түсіп жүрген балаларды анықтау мақсатында жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының басшысы Бақыт Абланов хабарлады.

  • 2021 жылдың басынан бері елімізде су айдындарынан 267 адам қаза тапты. Оның ішінде 98 бала. Бұл жалпы қаза болғандар санының 36,7%. Атырау облысының су айдындарында 19 адам қаза тапты, оның ішінде 6 бала. Үш бала құтқарылды. Полиция департаменті құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК 364 бабы 1 бөлігі бойынша – 214 хаттама, 364 баптың 2 бөлігі бойынша – 4 хаттама (жалпы сомасы – 11 668 теңге) және 440 бап бойынша 153 142 теңге сомасында 21 хаттама толтырды, – деді Бақыт Абланов.

Сонымен қатар, ТЖД полиция қызметкерлерімен және Атырау қаласы мен аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп суда шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.

  • Өңірде орналасқан Ұлттық ұлан күштері, жалпы саны 80 адамнан асатын 4 волонтерлік ұйым күнделікті жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта суда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Бұл жұмысқа жалпы 73 адам (АҚ – 49, ПД – 14, еріктілер-10) және 14 бірлік техника жұмылдырылып отыр. Атырау қаласында, Жылыой және Құрманғазы ауданында 3 суда құтқару станциясы бар. Ондағы қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік атқарады. Облыс бойынша 124 тыйым салу белгісі мен 14 арнайы баннер орнатылды, – деді Бақыт Абланов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button