Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер ірі көлемде есірткі сақтаған күдіктіні анықтады

Атырауда заңсыз есірткі өнімін сақтаумен айналысқан 30 жастағы қала тұрғыны анықталды.

«Мекен-жайын тексеру кезінде ұнтақ заты бар 4 орама және өсімдік тектес заты бар бір қағаз пакет алынды. Бұған қоса, “ПМ” маркалы пневматикалық тапанша тәркіленді. Медицининалық экспертиза қорытындысымен 18,903 грамм болатын қарасора және 2,86 грамм “Альфа PVP” синтетикалық есірткісі екені белгілі болды», — деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button