Азық-түлік бағалары арзандауы мүмкін

5e85d76e87193 Жаңалықтар

Елде азық-түлік бағалары арзандауы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін премьер-министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Себебі, соңғы кезде доллар бағамының төмендеуі байқалады. Былтыр тауар құны өскенде Үкімет оны шетелдік валюта курсының шарықтауымен байланыстырған болатын.

«Қазір доллардың теңгеге шаққандағы құны 442 төңірегінде. Сондықтан 2-3 айдың ішінде тауар бағаларының арзандауы күтіледі. Доллар бағамы өскен сайын, импорттық тауарлардың құны да шарықтай түседі. Енді бұл өнімдердің бағасы біртіндеп арзандауы тиіс. Жалпы экономикадағы инфляцияда төмендейтін болады. Бюджетті нақтылау кезінде 7,5-9,5 пайыз дәлізінде көрсеттік. Енді осы аралықта шектеуді сақтаймыз», – дейді Ерұлан Жамаубаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз