Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

2022 жылдың 5 айында облыс көлемінде барлығы 256 интернет- алаяқтық қылмыстары тіркелді. Интернет-алаяқтық қылмыстар саны былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 36,9 пайызға төмендеген.

Жалпы, Жергілікті полиция қызметкерлері мен Криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп, интернет алаяқтықтар мен интернет ұрлықтардың алдын алу профилактикалық іс-шараларын өткізіп, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы брошюраларды тарату, интернет-алаяқтықтан сақ болу жөнінде арнайы түрде аудио-видео жазбаларын жасақтап, адамдар көп жиналатын жерлерде, базарларда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарына таратуға, теле-радио каналдарға арнайы сұхбат беру, брифингтер өткізу, интернет желілеріне мәліметтер жариялау жұмыстарын ұйымдастырылып, жүргізілуде.

Сондай-ақ, Криминалдық полиция қызметкерлерімен профилактикалық шаралар бойынша алгоритм жасақталып, уәкілетті органдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобын құру жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Интернеттегі алаяқтық туралы қайда хабарлау керектігін көбіне азаматтар білмейді. БАҚ-та және танымал электрондық ресурстарда халықты алдаудың қолданыстағы тәсілдері туралы ақпарат үнемі жарияланып отыратынына қарамастан, құқық қорғау органдары күн сайын алаяқтыққа қатысты жосықсыз іс-әрекеттердің жүздеген жағдайларын тіркейді.

Егер сіз желі аясында алаяқтардың іс-әрекетіне тап болсаңыз, бұл жағдай кезінде қайда, кімнің көмегіне жүгінуге болады?  Бірінші кезекте жәбірленуші тұрғылықты жері бойынша орналасқан полиция бөлімшесіне өтініш беруі керек. Ішкі істер органдары интернет-алаяқтық фактілері бойынша өтініштермен жұмыс істеу өкілеттіктеріне ие. Өтініште көрсету керек:

— Өтініш берушінің Т.А.Ә., төлқұжат деректері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны;

— Болған оқиғаны сипаттау: алаяқтық әрекеттердің жасалған күні, уақыты, орны, сондай-ақ жәбірленушіні алдауға әкеліп соққан әрекеттер;

— Өтініш жасалған күн және өтініш берушінің қолы болуы керек- дейді Атырау ОПД КПБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі A.Нурманов.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button