Жарнама
Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мәжілісі өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалында Саяси кеңестің Бюро мәжілісі өтті. Отырыста  күн тәртібіндегі барлық мәселелер толықтай қамтылып, қаулыны депутаттар бірауыздан қолдады.

Алғашқы қаралған мәселе Атырау облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың  «Жол картасы». Бағдарламаның  4 басым бағыты бойынша жоспарланған іс-шараларға барлығы 426,7 млрд. теңге қаржы қажет. Жалпы 92 іс-шараның 60-ы қаржылай қамтамасыз етілген, 32 іс-шара қаржыландыруды қажет етпейді. Биылғы іс-шараларды қаржыландырудың жалпы көлемі 104,4 млрд.теңгені құрап отыр, оның ішінде республикалық бюджеттен  54,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен  49,5 млрд. теңге қарастырылған.

Бюро отырысында  аталған  «Жол картасы» бекітіліп,  алдағы бюро және мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракция отырыстарында  оның  орындалысы бойынша тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебі тыңдалатын болды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша  Атырау облыстық мәслихатында «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттар қатарынан депутаттық фракция құру және  фракция жетекшілігіне Атырау облыстық мәслихатының депутаты Әлібек Семғалиевтің  кандидатурасы ұсынылды.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары деген сөйлемнен «қоғамдық» деген сөз алынып тасталынып,  «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы аймақтық кеңестердің төрағалары мен құрамдары деп өзгертілді. Сондай-ақ, аймақтық кеңестердің ережелері бекітіліп, оның жұмыстарын ережеге сай үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстары аймақтық кеңестердің төрағаларына жүктелді.       

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button