Жаңалықтар
Атыраулық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті анықтады
«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған мемлекетаралық іздестіруде жүрген 1992 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.
Шетелдік азамат Ресей Федерациясы Қылмыстық Кодексінің 158-бабы 2-бөлігі, яғни ұрлық қылмысы бойынша 2021 жылдан бері іздеуде болған.
Қазіргі уақытта 1992 ж.т. күдікті Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобына тапсырылды.