ЖаңалықтарҚұқық
Атыраулық полицейлер 56 млн теңгені қолды еткен ұрының қылмысын әшекереледі
- 28 наурыз күні жылы сағат 00:22 «102» арнасына 1975 ж.т. азаматша қоңырау шалып 26.03.2021 және 28.03.2021 жылғы мерзім аралығында белгісіз адамдар пәтерге еркін кіру арқылы, сейфті еркін ашу жолымен 56.000.000 теңге ақшасын жасырын жымқырғанын айтқан — деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар барысында, 27.03.2021 жылы жәбірленушінің пәтеріне еркін кіру арқылы, сейфті ашып ақшаны жасырын жымқырған, пәтерде үй қызметшісі ретінде жұмыс істеген 1979 ж.т. азаматшаны ізін суытпай анықтады.
Күдікті Шымкент қаласында ұсталды.
Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері 19-21 мамыр аралығында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.