Жылына 40 миллион дана: Атырауда бір реттік маскалар шығарылуда

hed613c06a1fa4afca46db9210e5b9bbfl COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырауда  «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» аясында екі өндірістік жоба іске қосылды.


Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аталған өндірістік жобалар биыл іске қосылып отыр.
Мәселен,  «Доктор Хаус» ЖШС  медициналық бетперделер өндірумен айналысуда. Жалпы құны – 1 260 млн. теңгеге бағаланған жоба 40 адамды жұмыспен қамтып отыр.  Компания қуаты жылына 40 миллион дана бір реттік медициналық маска өндіруге шақталған.


                «BEST MODULE» ЖШС  металл өңдеу зауытын іске қосты. Блоктық  контейнерлер (әмбебап) мен модульдік ғимараттар шығарумен айналысатын зауыт 40 адамды жұмыспен қамтып отыр.  Жоба құны – 2 000 млн. теңгені құрайды.


Еске сала кетелік,  «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» шеңберінде биыл барлығы 7 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар облыс бойынша 580 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз