Жаңалықтар
Атыраулық полицейлер 30 адамды 40 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты ұстады
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері 2022 жылдың желтоқсан айы 2023 жылдың қаңтар айы аралығында Каспий және Freedom Finance банктерінен тауарлық несиені ақшалай алып, үстіне бонус қосып беремін деп 30 адамды алдап, 40 млн теңгені иемденіп алған алаяқты анықтап, ұстады. Тексеру барысында күдікті 33 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.