Құрманғазыда өткен жылы 128 жұмыссыз грант алып, кәсібін ашты

0 31 Жаңалықтар

Өткен жылы Құрманғазы ауданында 2068 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 675 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың  есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды  Атырау  облыстық  коммуникациялар қызметі.

«Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты аясында 14 адам грант алып, кәсіптерін ашты. Қысқа мерзімдік  қайта  даярлау  оқуларына  60 жұмыссыз оқуға жолданып, 16-сы жұмысқа орналасты.  Бағдарламаның  екінші бағыты бойынша 61 адам несие, 128 адам грант алып, кәсіптерін ашты» деп атап өтті спикер.

Жалпы, Құрманғазы аудан бойынша   2472  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

Еске сала кетелік, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз