Атырауда қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне жаңа басшы тағайындалды

56349241 786786618370490 249342775886086144 o Жаңалықтар

Atr.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Атырауда қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне бұрын ауыл шаруашылығы басқармасының бір бөлімін басқарған Тілек Әміров келді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 1 сәуір күні аппарат жиынында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің жаңа басшысы таныстырды.
Әміров Тілек Базарұлы 1963 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келді. 1984 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Ғылыми агроном» мамандығы бойынша бітірді.

55959649 786790075036811 2588314504236367872 o

Еңбек жолын қарапайым агроном ретінде бастаған, Атырау облысының түрлі шаруашылықтарында жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап Тілек Базарұлы мемлекеттік қызметке келді. Ол тағайындалғанға дейін Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім бастығы болды.

– Сіз өзіңіздің 20 жыл өміріңізді аймақтағы агроөнеркәсіптік саласын дамытуға арнап, мамандық бойынша жұмыс жасадыңыз. Біз сізге үлкен үміт артамыз және сіздің біліміңіз бен біліктілігіңіздің арқасында қаланың және оның ауылдық округтеріндегі агроөнеркәсіптік кешені дамудың жаңа серпініне ие болады және жоғары деңгейге жетеді деп сенеміз, – деді қала әкімнің орынбасары Жұмабек Қаражанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз