Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Атыраудағы шаруа қожалықтарын аралап шықты

a45192c7136d2f8f052deeed33d9fd9e Жаңалықтар

Аtr.kz/30 мамыр, 2019 жыл. «Ауыл» партиясы атынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Атырау облысына сапары барысында бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Кандидат шаруалардың көкейде жүрген мәселелерін тыңдады. Оны шешуге қатысты ұсыныстарын айтты. Атырау облысындағы «Сарайшық» шаруа қожалығы жуырда ешкі сүтінен балмұздақ жасау бастамасын қолға алды. Кәсіпорын ұсақ малдан 14 түрлі өнім шығарады. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков істің жай-жапсарымен танысып, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолдану тетіктеріне тоқталды. Кандидат Атырау облысындағы алма бағы шаруашылығында да болды. Мұнда бас-аяғы 160 гектар аумаққа 40 мың түп ағаш отырғызылған. Төлеутай Рақымбеков сайлауалды бағдарламасын таныстырып, диқандардың сұрақтарына жауап берді.

20171130103920
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз