Құлсары қаласында 580 орындық мектеп салынды

img 20210902 wa0121 Жаңалықтар

«Жылыой ауданының Құлсары қаласында 580 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді» ​ деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолданысқа берілген үш қабатты мектеп заманауи талаптарға сай спорт зал, акт зал және асханамен қамтылған.

​ ​ ​ ​ ​ ​ «Ғимаратта 23 оқу кабинеті бар. ​ Мектеп 250 орындық мәжіліс залы, еңбек, тігін кабинеттерімен, асхана, спорт залы, қысқы бақ, ойын алаңдарымен қамтылған.

Сонымен қатар, керамика, металл мен ағаш өңдеу шеберханаларына, маталарды өңдеуге, тамақ дайындауға арнайы орын бөлінген және олар толықтай жабдықталған» дейді Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Еске сала кетелік, аталмыш мектеп «Игілік» бағдарламасы аясында салынды.

img 20210902 wa0113
img 20210902 wa0117
img 20210902 wa0115
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз