
ЖаңалықтарМәдениет
Атыраулық өнерпаз республикалық домбырашылар конкурсында жеңіске жетті
Atr.kz/29 қазан, 2020 жыл. Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің жеке орындаушысы Жәнібек Жәмиев республикалық байқауда топ жарды.
Орал қаласында өткен күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы, күй өнерінің аса көрнекті орындаушысы Науша Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойларына арналған «Күмбірлеген күміс күй» атты республикалық домбырашылар конкурсында Бас жүлдені қанжығасына байлады.
«Atr.kz»