ҚҰЛСАРЫДА НЕ БОЛҒАН? (+видео)

screenshot 20220210 232849 Жаңалықтар

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Құлсары қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің шатырындағы қаңылтырдың құлау қаупін жойды.

Ағымдағы жылдың 10 ақпанда сағат 14.48-де Жылыой ауданы Құлсары қаласының 3 ықшам ауданындағы №48 үй мекен-жайында 5 қабатты тұрғын үйдің төбесінен қаңылтыр жабындысының құлау қауіпі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына келген кезде, қызметкерлер автосатының көмегімен қаңылтырды алып тастау жұмыстарын жүргізді. 

Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қаңылтырдың құлау қаупі дер кезінде жойылып, оқыс оқиғалардың орын алуына жол бермеді.

Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы, Жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты.

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз