Біз білетін бауырсақтың да бірнеше түрі бар (+ФОТО)

photo 2021 03 22 23 35 38 Жаңалықтар

          Ұлттық тағамдар күні Жылыой ауданында да аталып өтілді.

Биылғы наурыз мерекесі өткен жылдағыдай емес, онлайн форматта өткізіліп отырғандығы белгілі. Соған қарамастан тұрғындар бұл айдағы ерекшеліктердің бірі наурыз көженің дайындалу жолдары мен басқа да ұлттық тағамдардың алар орны мен әзірленуі туралы бейнекөріністер ұсынды. Қазақтың ұлттық тағамдары – бауырсақ, шелпек, бұжы, шұбат тағамдарын таныстырып, олардың өзіндік қасиеттерімен бөлісті. Біз білетін бауырсақтың да бірнеше түрлері бар  екен. Айталық, жалпақ бауырсақ, ши бауырсақ, май бауырсақ, шәй бауырсақ деген түрлерінің де өзіндік маңызы бар.

          Көпті көрген Жылыой ауданының тұрғыны Сәнжан апай да Наурыз көженің пісірілуі туралы білгенін жастармен бөлісті.

  • Наурыз көжеге қазы, бидай, кішміш (мейіз), айран немесе сүт, езілген құрт, жылқының сорпасын да қосады. Әр жерде әрқалай жасалу жолдары бар ғой. Әр күніміз баянды, сөзіміз көжедей тәтті, өміріміз мәнді болсын! – деді Сәнжан ана.

Қабдырахман Ысық

photo 2021 03 22 23 35 37
photo 2021 03 22 23 35 36
photo 2021 03 22 23 35 38 1
photo 2021 03 22 23 35 39
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз