Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық мүгедектерге азық-түлік сертификаттары берілді

Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл.  Наурыз – бейбітшілік пен мейірім мерекесі. «ССЕР»  компаниясы облыстың әлеуметтік саласын дамытуға, сондай-ақ, қайырымдылық және демеушілік іс-шараларға белсенді атсалысып келеді.

Аталған компания Наурыз мерекесі қарсаңында Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының мүшелеріне азық-түлік сертификатын табыстады.

«Қамкөңіл жандарға қолдау көрсету – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Компания тарапынан бұл орайдағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады» деді «ССЕР» компаниясының атқарушы директоры Орақ Бисембиев.

Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының төрайымы Әмина Нысанғалиеваның айтуынша, мүшелікте 650 адам бар. Оның 250-і — балалар. Мүгедектер қоғамы баршасына көмек көрсетіп, балалардың білім алуына ықпал етеді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

mүgedekterқoғamy 1
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-poezd-biletterini%d2%a3-a%d2%9bshasy-%d2%9bajtarylyp-zhatyr/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button