Атыраулық мұғалімдерге тиесілі 250 млн теңге қайтарылды
Atr.kz/3 қазан, 2019 жыл. Атыраулық прокурорлар оқытушылардың 250 млн теңге алуына көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Білім беру органдарын тексеру кезінде қалалық мектептердің 4 мың педагогіне жалақысына қосып берілетін үстеме ақы төленбегені анықталды. Оқытушыларға тиесілі үстеме ақы бірнеше жыл бойы төленбей келген. Төленбеген үстеме ақының жиынтық мөлшері 250 млн теңгеге жуық. Осы үстеме ақыны төлеу үшін қала бюджетінен қаражат қарастырылмаған. Сондықтан прокурорлар араласқаннан кейін жергілікті атқарушы орган бюджеттік өтінім әзірлеп, оны мәслихат мақұлдады. Қазір педагогтарға тиесілі төлемдер толығымен берілді», — деп мәлімдеді Атырау облыстық прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.
Оның айтуынша, жыл басынан бері қала прокуратурасы 5 мыңнан астам адамның конституциялық құқын қорғаған.