Атыраулық кәсіпорын медициналық қызметкерлерге антибактериалды құралдар мен жеке тамақтану жиынтығын алып берді (+ФОТО)
Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл. «NOMAD SYNERGY» ЖШС 2-ші облыстық аурухана мен қалалық жедел-жәрдем станциясының ұжымына қажетті құралдар жиынтығы мен ыстық тағам жеткізді, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған компания қауіпті індетпен күресіп жатқан мамандарға 1000 жұп медициналық қолғап пен HC-1 хирургиялық жиынтықтың 30 данасын алып берді. Сонымен қатар, 450 қызметкерге толық түскі ас таратты. Айта кетейік, «NOMAD SYNERGY» компаниясы карантин режимі басталғалы екінші мәрте материалдық көмек көрсетуде.
— Компания ұжымы мен қала тұрғындары атынан дәрігерлерге пандемиямен күрестегі қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын және бұл — біздің еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде қосқан аз ғана үлесіміз. Вирусты бірге жеңеміз! -деді, компания директоры Қанат Раушанов.