Жаңалықтар
Атыраулық кәсіпкер шөпті өзі шабатын ерекше техниканы қолданысқа енгізуде
Қазір елімізде шөп шабу науқаны жүріп жатыр. Осы жұмысқа бірнеше мың адам, техника жұмылдырылып, үлкен жұмыс атқаруда. Ал атыраулық тапқыр кәсіпкер Бағытжан Досанов бүкіл елімізде жоқ шөп шабатын, қыста қар күрейтін, 15-20 адамның орнына қызмет жасайтын техниканы алып келді.
Тендер арқылы шөп шабу жұмыстарымен айналысатын кәсіпкердің айтуынша, бұл техникада 200 аттың күші бар және салмағы бар жоғы 400 кг болады. Техника кез келген биіктіктегі шөптерді оп-оңай шауып, тарыдай ұсақтатып жібереді.
Сонымен қатар бұл қалдықтар жер бетіне тыңайтқыш болып қалады. Айта кету керек, осы жұмыста адам санының, ауыр ірі техниканың қажеттілігі болмайды. Аталмыш техника бір өзі 10 метрлік жазық қашықтықтағы шөпті 15-20 минут аралығында тазалап шығады.