Бағдарлама – депутаттар бақылауында

Ба дарлама Ц депутаттар ба ылауында Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы фракциясының мүшелері  Әділбек  Зайдуллин,  Қаршыға Жауымбаев және Әнуарбек  Салихов  «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп қабатты үйлер құрылысының барысын бақылады.

Ба__дарлама Ц депутаттар ба__ылауында

Өткен жылдың  қазан айында  «Береке» ықшамауданында бой көтерген тұрғын үйлердің құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Қазір оның  70 пайызы аяқталған.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан нысандарды ерекше бақылауға алдық. Береке, Нұрсая ықшамаудандарында  алты үйдің  құрылысы  «Нұрлы жол» бағдарламасымен бой көтеруде. Мердігер компаниялардың жауапкершілігі жоғары. Құрылыс алаңдарына жеткілікті дәрежеде жұмысшылар тартылған. Қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету жағы да қарастырылған,»- дейді «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы фракциясының мүшесі Қаршыға Жауымбаев.

Шаршы метрі 140 мың теңгеден аспайтын пәтерлер осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА,

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз