Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық кәсіпкер қайтарымсыз грант арқылы кинозал ашты

Жас кәсіпкер Әлібек Жұмағалиев алғаш рет Махамбет ауылынан шағын көлемді кинозал ашып отыр. Ол осы жобасы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін 1 млн 225 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болған. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

-Аудан орталығындағы «Бизнес-инкубатор» ғимаратында орналасқан жаңа кинозалдың көрермендері әр санаттан. Күндіз балаларға арналған қызықты мультфильмдер қойылса, кешкісін ересектер, отбасымен, достарымен жиналып, түрлі фильм тамашалап, демалып қайтады. Билет бағасы балаларға 800 теңге, ересектерге 1200 теңге. Әзірге залдың шаршы метрі 10 адамға ғана шақталған. Кәсібімізді енді ашып жатырмыз. Гранттан алған сомаға толықтай дерлік құрылғыларды, лед экранды сатып алдым. Залды дайындап, жөндеу жұмыстарын да жүргіздік. Әзірге фильмдерді арнайы форматтағы, жоғарғы сапада ғаламтордан алып отырмыз. Прокатқа бірден мүмкіндік болмады. Келушілер саны артып жатса, әрине кең орынға көшіп, үлкен кинотеатрлар сияқты жаңа фильмдерді алғымыз келеді,- деді Ә.Жұмағалиев.

vaprol

Оның айтуынша, кинозалға келушілердің басым бөлігі оқушылар мен балалар. Әр аптаның сәрсенбі күні аз қамтылған отбасы балаларына тегін көрсетілім ұйымдастырылады.

Айта кетейік, ауданда өткен жылдың қортындысымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін грантты 30 адам ұтқан. Оның ішінде он бесі жастар болса, қалғаны әлеуметтік осал топтағы жандар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button