«Иманғали» мешітінде балаларға тегін ойын алаңы ашылды (ФОТО)

ЕАС 1112 Жаңалықтар

Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінде Құрбан айт мейрамының құрметіне балаларға тегін ойын алаңқайы ашылды.

ЕАС 1112

Мешіт ауласына құрылған батут алаңында балалар таңертеңнен бері емін-еркін ойнап, оның жанындағы арнайы алаңқайға қойылған велосипед секілді ойын құралдарын алаңсыз тебуде. Балаларға арналған бұл қайырымдылық шарасы 3 күнге созылады.

ЕАС 1105

– Құрбан айт – отбасылық мереке. Сондықтан, бұл мейрамды отбасындағы барлық жандар, тіпті, кішкентай балаларға дейін сезінуі керек. Осы мақсатта біз мешіт ауласынан балаларға арналған алаңқай жасақтадық. Барлығы тегін. Балалар қанша ойнаймын десе де өз еркілерінде. Өзіңіз көргеніңіздей, мұнда кішкентай балалар ата-аналарымен алаңсыз ойнап, мәз-мейрам болуда. Бұл шара Құрбан айттың соңғы күніне дейін жалғасады, – дейді бізге берген сұхбатында орталық мешіттің бас имамы Бақытжан Мансұров.

ЕАС 1108

ЕАС 1104

ЕАС 1110

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз