Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атыраулық ғалым қазіргі дағдарыстан елімізді агросала алып шығатынын айтты

Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. «Түбінде біз ата кәсібімізге қайта ораламыз. Себебі, бұл біздің дәстүріміз. Екіншіден, қазақтың қанына сан ғасырлық тәжірибемен сіңген мектеп» дейді ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Бақтыбек Таубаев.

Ғалымның пікірінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі еліміздің бүгінгідей сын сағатта дұрыс жолды таңдағанын көрсетті.

«Президент түрлі әлеуметтік қорғау шараларымен бірге, шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер беріп жатыр. Қазір расымен аламағайып заманды бастан өткеріп жатырмыз. Әлемнің қай елін алсаңыз да, әркім өзінше жол табуға жанталасуда. Бұл жерде қауіпті індеттің планетаға тарау қаупімен бірге, мұнай бағасының төмендеуі, өзге де экономикалық тоқырау жағдайлары бар.

Кешегі мәлімдемесінде ел Президенті бизнес иелері үшін бензин бағасын төмендетуді тапсырды. Бұл өте керек қадам. Себебі, қазіргі қиын жағдай егіс науқанымен қатар келіп отыр.

Қазақстан территориясының 80 пайызы жайылымдық жерлер екенін ескерсек, бізге мал шаруашылығымен бірге, егін шаруашылығын дамытып алуға тура келеді. Өйткені, әлемде де, сол алып жаһанның бір бөлшегі Қазақстанда да экспорт, импорт мәселесі өткір тұр. Әсіресе, импорт толқынындағы тоқтауды пайдаланып, біз отандық өнім қорын ұлғайтып алуымыз керек. Алдымен, өз елімізді отандық сапалы тауармен қамтып алғаннан кейін, экспортты да ойластырамыз.

Және осындай сын сағатта бірліктен, ынтымақтан айрылмау керек. Себебі, қазақ талай нәубетті бірлік пен сенімнің арқасында жеңіп келді. Бұған тарих куә» деді ғалым бізбен сұхбатында.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/karantin-koronavirusty-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an-nau%d2%9basty%d2%a3-biri-%d2%9byzyl%d2%9bo%d2%93aly%d2%9b-bolyp-shy%d2%9bty/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button