whatsapp image 2020 04 22 at 08.50.59

«Атырау-Астрахан» тасжолының тағдыры Үкіметтің селекторлық отырысында талқыланды

Жаңалықтар Экономика

Аtr.kz/22 сәуір, 2020 жыл. ​Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов  Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысына қатысты.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралған жиында аймақ басшысы баяндама жасады.  Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің баяндауынша, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдың 422 шақырымын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңғырту қарастырылған. Бұл мақсатта биыл 34 млрд. теңге бөлінген.

Қайта жаңғыртылатын жобалар қатарына «Қандыағаш – Мақат» және «Атырау-Астрахань» кіреді. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған «Қандыағаш – Мақат» тасжолының 145 шақырымында қозғалысты жыл соңында ашу жоспарлануда. Ал, ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахань» РФ жол участкесінде толық ауқымды жұмыстар жасалып жатыр.

Бүгінге дейін жобаның 217 шақырым участкесіне қатысты мердігерлік ұйымдармен келісім шарттарға қол қойылып, дайындық жұмыстары жасалуда. Халықаралық автомагистральдің қалған 60 шақырымы республикалық бюджеттен жүзеге асырылып, жыл соңында пайдалануға беру көзделіп отыр. Екі бағыттағы жол құрылыс жұмыстарына 600 адам, 382 арнайы техника тартылған. Жол құрылысына қажет 300 кәсіби маман дайындау жоспарлануда.  

whatsapp image 2020 04 22 at 08.50.59 1

2019 жылы жергілікті жолдарды дамыту мақсатында 37 елді мекенде 230 шақырым жол жөнделді. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 9 млрд, ал жергілікті бюджеттен 30,2 млрд. барлығы 39,2 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде облыстағы жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың жағдайы 57 пайызға жетті. 2018 жылы бұл көрсеткіш 54% болатын.  

Соның ішінде, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұзындығы 87 шақырымды құрайтын «Индер-Қарабау» жолын қайта жаңғырту және Ганюшкино-Приморье-Утеры жолының 26 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.  Жалпы 2020 жылға жол құрылыс жұмыстарына 41,1 млрд. теңге бөлінген (республикалық бюджет – 26,4 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 14,7 млрд. теңге). Оған 180 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар, қала және ауылішілік жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстарға 4500 адам тарту көзделуде.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған