Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Атыраулық фермерлер коронавируспен күреске бір миллион теңге бөлмек

  Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл.   Бұл туралы редакцияға «Қазақстан Фермерлер Одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Мұрат САРМАНОВ хабарлады.


Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың осы ауыртпашылықтан  қорғану  бағытында  Қор  құру  жөніндегі Үндеуі  дер  кезінде  қолға алынғанын баса айту керек. Бұл еліміздің  тыныштығына  бей-жай  қарамайтын   барша қазақстандықтарға қозғау  салып,  құлшыныс  тудырған  шара  болды. Осы  Үндеуді  оқығаннан  кейін  бәріміз  де  қайткенде  ел-жұртымызға  уақытша  қиындық кезінде  көмектесе  аламыз  деген  ой  келді, — деді Мұрат Сарманов.
Бұл ретте қашан да халқымен бірге жасасып, талай игі істердің бастаушысы болып, өңір тұрғындарына қол ұшын соза білетін белгілі меценат алдағы жоспарларымен де бөлісті.

«Бүгінгідей  әлемді  жайлаған  індеттің  алдын  алу  және онымен  күрес кезеңінде барлығын бірдей мемлекетіміз  шешеді деп алаңсыз  отыру  тиімсіз. Өзім  басқарып  отырған  бизнес  құрылымдарының  жетекшілерімен  кеңесіп  Үндеуді  қолдау,  дерттің  алдын  алуға біз де жұмыламыз деп бір ауыздан келістік. Осы орайда  көмек  есебінде бір миллион  теңге  көлемінде  қаржы  бөлуді  шештік.  

img 3694

Ең бастысы, сан  ғасырлық  тарихы  бар,  рухы  мықты Қазақ елі  өзінің жігерлі  азаматтарымен  талай  қиындықтарды  басынан  өткергенде береке-бірлігіміздің арқасында кедергілерді жеңіп шыққанын ұмытпаған абзал» деді спикер.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9baza%d2%9bstanda-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93andar-sany-53-adam%d2%93a-zhetti/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button