Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық делегация V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Бірлік керуеніне» қатысты

Бүгін, 8 қыркүйекте Астанада V дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында ЕХРО алаңында «Бірлік керуені» ауқымды іс-шарасы өтті.

Атыраулық делегация аталған шараға қатысып, Қиғаш өзенінен алынған қасиетті суды табыстады.

Әлемнің 100 елінен 4000-нан астам спортшы бақ сынасатын жарысқа Атырау облысынан үш спортшы қатысуда.

Олар — алыш күресі бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы Нұржан Сәрсенғалиев,
құсбегіліктен Қазақстан Республикасының спорт шебері Арман Қошқаров және дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Марат Бексұлтан.

3 спортшы, 10 елшіден тұратын атыраулық көшті батыр, Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы Сұңғат Закарияев бастап барды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button