БАС МҮФТИ: ЖАУЛАСАТЫН – ДІН ЕМЕС, АДАМДАР (+ФОТО)

mini 01 2 f9ptqf8 Жаңалықтар

Atr.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Германия астанасы Берлин қаласында өткен XV Халықаралық мұсылмандар форумында осылай деді.

Халықаралық форумның ашылу салтанатында баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: «Бүгінде әлемдік ақпарат құралдарында Исламды кемсіту үрдісі жиі кездеседі. Соның салдарынан адамдар арасында түсінбеушілік пайда болуда. Бұл мәселе барлық дінге қатысты көрініс табуда. Ақиқатында бір-бірімен жауласатын – дін емес, адамдар. Әр адам дін туралы көзқарасын түзеуі тиіс. Осы ретте діндер көшбасшыларының онлайн форумын өткізуді ұсынамын. Желілік ресурстар қоғамға ізгілікті насихаттаудың орнына адам санасын теріс арнаға бұруға ұмтылып жатқан қазіргі жағдайда бұл игі бастама мұсылман қауымын жақсылыққа үндейтін болады», – деді.

Айта кетсек, «Постсекулярлық әлем жағдайындағы дінаралық диалог – өзара ықпалдасудың тұғырнамасын іздеу» атты тақырыпты арқау еткен халықаралық форумға Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы және Мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдин, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, доктор Әли Ербаш, т.б. халықаралық діни ұйымдар мен дін саласындағы мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Қазақстандық делегация құрамында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы да бар.

Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен осымен он бесінше рет өткен форумда бірқатар қарар қабылданды.

3cd6d3ff 6a04 41af 8e09 de178cea1e80
ba4a4e12 7ac7 4c48 afd3 b4c8777522c1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз