Атыраулық делегация «Каспий» медиафорумына қатысты
16-17 тамызда Ресейдің Астрахан қаласында Каспий теңізі елдерінің медиафорумы өтті. Тоғызыншы рет өткізіліп отырған ауқымды іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы мен медиа саласының өкілдері қатысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиынның ресми бөлімінде сөз сөйлеген Нұрлыбек Жеңісбекұлы форумдағы мәдени диалог қатысушы елдердің ынтымақтастығын арттыратын құрал екенін атап өтті. Сонымен қатар, бауырлас елдермен сауда-экономикалық, мәдени-қоғамдық байланыс артып келе жатқанын атап өтті.
— Біз тарихы үндес елміз. Бүгінде бұл байланыс ЕЭО, ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде жаңа мазмұнға ие. Бауырлас елдер диалогының маңызды бөлігі қоғамдық пікірді қалыптастыруға және елдер арасындағы байланыстарды қолдауға айтарлықтай әсер етеді. Мәдениетте шекара жоқ. Дәстүр мен мәдени құндылықтар барлық адами қарым қатынастардың өзегі. Сондықтан біз ақпараттық идеологияда мәдениет диалогын жаңа деңгейге көтеруіміз қажет. Астрахан өңіріндегі өтіп жатқан медиафорум бәрімізге ортақ Каспий елдерінің ортақ рухани ұстанымдарын жақсартуға ықпал етеді. Біз үшін Алтын орда мен Ұлы Тұранның мәдени мұрасын арттыруға, рухани құндылықтарын жаңа деңгейге көтеруге серіпін береді деп ойлаймын. Бүгінгі форум маңызды ақпараттар айтылып, мамандар тәжірибе алмасып, масс-медианың дамуына тың серпін береді деген сенімдемін. Қазіргі уақытта жалған ақпаратпен күрес, киберқауіпсіздікті сақтау маңызды, — деді Н.Жеңісбекұлы.
Форумға қатысушылар саны жыл сайын артуда. Биыл Каспий теңізін жағалай қоныстанған Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түрікменстан елдерінен мыңнан астам өкіл мен шетелдік БАҚ болды.
Каспий медиафорумның бағдарламасы делегациялар басшыларының кездесуі, пленарлық отырыс, пікірталас алаңдары, шеберлік сыныбы және «Шекарасыз Каспий» журналистер байқауы бар.
Форумда Әзірбайжан, Иран Ислам, Қазақстан Республикаларының және Ресей Федерациясының, Түрікменстанның, сондай-ақ Өзбекстан мен Гагаузияның (Молдова) сарапшылары ақпараттық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.