Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық делегация Астанада өтетін әскери парадқа қатысады

Бүгін, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадқа Атырау өңірінен арнайы делегация қатысуда. Елордада өтетін айтулы шараға Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Роман Мақсотов, Қорғаныс істері жөніндегі департамент ардагері Сағидолла Рысқалиев, білім саласының ардагері Шахман Нағимов және төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітжан Дүйсекенов атсалыспақ.

Әскери парад – еліміздің Қарулы Күштерінің қуатын, әскери дайындығын және патриоттық рухын көрсететін маңызды жиын. Ал ардагерлер қауымының парадқа қатысуы – Отан алдындағы адал қызметтері мен елге сіңірген еңбектеріне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Атыраулық делегация мүшелері бұл іс-шараны жастарға үлгі боларлық тарихи тағылым деп біледі.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button