Атыраулық дәрігерлерге жаңа үйлердің кілті табысталды
Бүгін Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев ауданға қарасты елді мекендерге су жаңа 5 жедел жәрдем көлігін және жаңа үйлердің кілтін салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімдігінің facebook ресми парақшасындағы жазбада облыс әкімдігінің қолдауымен алынған жаңа жедел жәрдем көліктері ауданға қарасты Ортақшыл, Алға, Бейбарыс, Сарайшық, Сарытоғай елді-мекендеріне пайдалануға берілетінін жариялаған.
“Сондай-ақ, ауданымызға жаңадан келіп, халыққа қызмет етіп жатқан лор, хирург, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге 3 жаңа үйдің кілті табысталды.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген Қайрат Есқабылұлы аудан халқын жағымды жаңалықтармен құттықтап, Махамбет ауданында медицина саласының ілгері дамуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді”,- делінген жазбада.