Балабақша кезегіне перзентханада қояды

Балабақша кезегіне перзентханада қояды Жаңалықтар

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар шет елге шығатын болса, олардың фотосуреттері ата-аналарының төлқұжатына жапсырылатыны белгілі. Бұрын бұл мемлекеттік қызмет түрі көші-қон полициясы арқылы рәсімделсе, енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» құзырына беріліп отыр. Яғни, бұл қызмет түрін тұрғын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінен ала алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою қызметтері де аталмыш департаментпен атқарылады.

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d2%9b%d1%88%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d0%b3%d1%96%d0%bd%d0%b5-%d0%bf%d0%b5%d1%80%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%82%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d2%9b%d0%be

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша ұйымдастырылған көшпелі отырысында айтылды. Отырысқа төрағалық  жасаған «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша партиялық куратор, облыстық мәслихаттың депутаты Ерсайын Дүйсемалиев «Нұр Отан» партиясының азаматтарға нәтижелі және жедел мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне үлкен көңіл бөліп отырғанын айтып өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық  емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Тұрлан Нұржанов жыл соңына дейін 53 мемлекеттік жаңа қызметті қосу жоспарланып отырғанын жеткізді. «Халыққа қызмет көрсету орталығы алғаш жұмысын бастаған уақытта 25 қызмет  түрі ғана болды, күніне шамамен 400-дей адамның құжатын қабылдаған еді. Бүгінгі таңда көрсетілетін қызмет түрі 530-ға жетіп, күніне шамамен  облыс бойынша 3500-4000 қызметті алушыны қабылдап отыр» дейді ол.

Аталмыш орган тарапынан халық үшін жасалып жатқан пилоттық жобалар да жетерлік. Департамент өкілдері перзентханаға барып, сол жерде жаңа босанған аналардан туу туралы куәлікке, бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды, әлеуметтік жағдайларына байланысты төлемдер тағайындауға және балабақша кезегіне қоюға өтініштерді қабылдауда. Сонымен қатар, үшінші қазаннан бастап жылжымайтын мүлік нысанының сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін кейіннен тіркей отырып, оның техникалық төлқұжатын дайындау  пилоттық жобасы іске қосылды. Ол бойынша екі өтініш  бір қабылданып, алты жұмыс күні ішінде қызмет толықтай аяқталады.

Тұрлан Амангелдіұлының айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік  қоғамының Атырау  облысы  бойынша  филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде  есту және сөйлеу кемістігі бар адамдардың қызметтерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін орталық қызметкерлері ым-ишара тіліне оқып, үйреніп және тоқсан сайын біліктілігін арттыруда. Айта кетелік, департаментте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдау үрдісі де қалыптасқан. Бүгінде 11 мүгедек жан еңбек етуде.

Жиын барысында саладағы проблемалық мәселелер де көтерілді. Олардың ішінде аталмыш департамент орналасқан ғимараттың тарлығы мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жоқтығы атап айтылды. Бұл орайда, облыстық мәслихат депутаттары Сайын Қуанышев, Ерсайын Дүйсемалиев пен Бөріхан Беркімбаевтар депутаттық сауал жолдауды ұсынды.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз