Атыраулық дәрігер кондиционердің пневмония тудыруы мүмкін екенін айтты (+ ВИДЕО)
Atr.kz/29 шілде, 2020 жыл. «Атырау қаласындағы Геолог емханасының «Жанұя, денсаулық және отбасы бөлімінің» меңгерушісі Эльмира Мерешованың айтуынша, салқындатқыш құрылғысы қосылып тұрған бөлмеде вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
«Әр салқындатқыш құрылғысының ішінде тұратын фильтрді жылына бір рет ауыстырып тұрмаса, оның ішіне бактериялар жиналып ауру туындатуы мүмкін», -дейді Эльмира Бисембайқызы.
Ал, короновирустың сипмтомсыз түрімен сырқаттанып жүрген науқастарға салқындатқыштың әсер ету күші одан да жоғары. Бөлме ішіне салқындатқыштан таралған бактерия өкпені қабындырып, кеудесін қысып, тыныс алу жағдайын қиындата түседі» дейді дәрігер Эльмира Мерешова.