Атыраулық бишілер Ташкенттен жүлдемен оралды

53f28g Жаңалықтар

Атыраудағы Абай атындағы оқушылар сарайының «Еркетай» би тобы Ташкент қаласында өткен республикалық байқауда І орынды иеленді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстан, Ресей, Өзбекстан арасында өткен халықаралық «Сокол арт» дарынды балалар байқауында Абай орталығынан 7-9 жас аралығындағы 12 биші оқушы қатысып, театрландырылған би номинациясында «Алладин» қойымдылық биімен І орынға қол жеткізіп отыр.

– Өткен жылы Алматы қаласында «Жеті өнер» атты конкурс өткен еді, содан гран-при ұтып, Ташкентке жолдама алған болатынбыз. Міне, біз барып келген байқау – «Дарынды балалар» қоғамдық қорынын ұйымдастыруымен өткен халықаралық байқау. Бұл сайыста Ресейден, Өзбекстан және Қазақстаннан дарында балалар келіп жақсы өнерлерін көрсетті. Ал осыдан біздің бірінші орынға ие болғанымыз – жақсы нәтиже деп ойлаймын. Мұнда әр қаладан келген 900-ден астам қатысушы болды. Бірақ бізге еш қиындық болмады. Байқау өте қызықты, әрі жоғарғы деңгейде өтті. Ең бастысы – балалардың ата-аналарына алғысымды білдіргім келеді, өйткені солардың қолдауымен жеңістікке жеттік, – деді Абай орталығының хореограф маманы Жаннат Балатуева. 

Оның айтуынша, алған жолдамамен енді «Еркетай» би тобы қараша айында Түркия еліне баруды жоспарлап отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз