Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық бишілер Ташкенттен жүлдемен оралды

Атыраудағы Абай атындағы оқушылар сарайының «Еркетай» би тобы Ташкент қаласында өткен республикалық байқауда І орынды иеленді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстан, Ресей, Өзбекстан арасында өткен халықаралық «Сокол арт» дарынды балалар байқауында Абай орталығынан 7-9 жас аралығындағы 12 биші оқушы қатысып, театрландырылған би номинациясында «Алладин» қойымдылық биімен І орынға қол жеткізіп отыр.

— Өткен жылы Алматы қаласында «Жеті өнер» атты конкурс өткен еді, содан гран-при ұтып, Ташкентке жолдама алған болатынбыз. Міне, біз барып келген байқау — «Дарынды балалар» қоғамдық қорынын ұйымдастыруымен өткен халықаралық байқау. Бұл сайыста Ресейден, Өзбекстан және Қазақстаннан дарында балалар келіп жақсы өнерлерін көрсетті. Ал осыдан біздің бірінші орынға ие болғанымыз – жақсы нәтиже деп ойлаймын. Мұнда әр қаладан келген 900-ден астам қатысушы болды. Бірақ бізге еш қиындық болмады. Байқау өте қызықты, әрі жоғарғы деңгейде өтті. Ең бастысы – балалардың ата-аналарына алғысымды білдіргім келеді, өйткені солардың қолдауымен жеңістікке жеттік, — деді Абай орталығының хореограф маманы Жаннат Балатуева. 

Оның айтуынша, алған жолдамамен енді «Еркетай» би тобы қараша айында Түркия еліне баруды жоспарлап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button